Емізулі сәбиі бар Конго азаматшасы Астанада қалуға тырысуда

7 Сентября, 2018, 12:32 3474
Емізулі сәбиі бар Конго азаматшасы Астанада қалуға тырысуда |  | BNews.kz

Шетел азаматшасы Қазақстанға ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан кезде келген.

Конго азаматшасы Астанада мерзімі өтіп кеткен виза және емізулі сәбиімен қалды, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Моника Камганза Қазақстанға былтыр ЭКСПО көрмесіне келген. Мұнда ол бір ер адаммен танысқан, алайда олар айырылысып кеткен. Мониканың визасының мерзімі наурыз айында аяқталған. Әйел адам оның мерзімін ұзарту керектігін білмеген.

Осылайша, Конго азаматшасы ақшасыз және үй-күйсіз қалып отыр. Оның тек француз тілінде ғана сөйлейтіні жағдайды қиындатып отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекция шетелдік қонақты әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына жіберді. Олар сәбидің өмірге келуіне көмектескен.

"Егер миграциялық полиция оған визалық режимді бұзғаны үшін елден кетуге мәжбүрлесе, оның жолақысын ешкім де өтей алмайды. Бұл үлкен қаражат, ал азаматшаның бір тиыны да жоқ. Ол Қазақстанда қалғысы келеді және сол үшін көмек сұрап отыр. Мұның екі жолы бар. Бірі – тұрғылықты мекен алу, алайда ол үшін оның есепшотында 3 млн теңге қаржысы болуы тиіс. Не босқын мәртебесін алу. Бұл да күрделі мәселе және бұл біздің қолымыздан келе ме, жоқ па, мұны нақты айта алмаймыз", - деді қор директоры Анна Рыль.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости