Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды - Жаңалықтар | BNews

Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды

13 қараша, 11:21 924 Қарағанды облысы
Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды

Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығында болды, деп хабарлайды BNews.kz. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның басшысын ұйымның әлеуметтік жүйедегі жаңашылдықтарға даярлығы қызықтырды. Министр жеке сынақ жүргізді – бос жұмыс орындары бойынша экономист болып жұмысқа орналасбақ болды.

Қазақстанда әлеуметтік мекенжай көмегінің (ӘМК) жаңа үлгісі енгізілуде. Бүгінгі таңда Үкімет халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалауды бастады және барлық халық шоғырланған бөлімшелер бойынша біріңғай бос жұмыс орындарының онлайн-платформасын құрды.

Келесі жылдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары адамдар жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік көмектерді алатын бір жер болады. Қазіргі кезде ол үшін төрт жерге бару керек.

ӘМК тек қана ақшалай төлем емес, ол кедейлік деңгейден шығудың кешенді шарасы екендігін де атап өтті Тамара Дүйсенова. Жаңашылдықты енгізу арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтары қолайлы болуы тиіс.

Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысына министрдің көңілі толды.

«Мен дайындық деңгейін тексеріп көрдім. Жалпы алғанда, командаға қатысты, қызметкерлердің құзыретіне байланысты күмән жоқ», - деді Тамара Дүйсенова.

Алайда, еңбек министрі Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровке халықты жұмыспен қамту орталығының 4-қабатта орналасуына қатысты ескерту айтты. Бұл мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарға қиындықтар туғызады. Тамара Дүйсенова орталықты бірінші қабатқа ауыстыру туралы өтініш білдірді. Қала әкімі мекемеге жаңа ғимарат берілетінін айтты.

Журналистерге берген сұхбатында Тамара Дүйсенова өз сынағы жайлы айтты.

«Мен экономист мамандығы бойынша жұмыс керек екенін айттым. Маған осы мамандық бойынша 20-ға жуық бос жұмыс орны көрсетілді, алайда олардың барлығы мемлекеттік кәсіпорындарда. Адамдарды жеке құрылымдар қызықтыратыны түсінікті, себебі ол жерде жалақы көбірек. Біз қазір электронды жұмыс биржасын шығардық. Бізге бизнеспен көбірек жұмыс жасау керек», - деді министр.

Жұмыс сапарының соңында еңбек министрі қала және аудан әкімдері, сондай-ақ олардың халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орынбасарларымен кеңес өткізді.

Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, облыс орталығында бүгінде 500-ден астам ұйым мен кәсіпорын ұсынып отырған 3000-ға жуық бос жұмыс орны тіркелген. Қарағандылықтардың бос жұмыс орындарын WhatsApp қосымшасы арқылы көру мүмкіндігі бар. Орталық ақпаратынша, жыл басынан бері аталмыш қызмет түрін 4000-нан астам адам қолданған және олардың 700-ден астамы жұмыс тапқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар