Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АН-28 әуе кемесінің апатына байланысты комиссия құрды - Жаңалықтар | BNews

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АН-28 әуе кемесінің апатына байланысты комиссия құрды

04 қазан, 11:18 1149 Алматы облысы
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АН-28 әуе кемесінің апатына байланысты комиссия құрды

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облысындағы оқыс оқиғаны тексеру комиссиясын құрды.

2017 жылдың 3 қазан күні «Республикалық санитарлық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының АН-28 әуе кемесі Алматы-Шымкент бағдары бойынша ұшып келе жатып, сағ. 18:45-те Алматы қаласынан 28 шақырым қашықтықта, Алматы облысы Междуреченское ауылы аумағында назардан жоғалғаны байқалды. Аталған ұшақ санитарлық рейс орындауда болған.

Республикалық санитарлық авиация орталығы директоры Отартаев Н.К. ақпараты бойынша, бортта 5 адамның үшеуі экипаж мүшесі және екеуі дәрігер болған.

Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасовтың төрағалығымен оқыс оқиғаны тексеру комиссиясын құрды. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасов жүр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар