Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алу жолы жеңілдейді - Жаңалықтар | BNews

Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алу жолы жеңілдейді

29 қаңтар, 12:31 984 Астана
Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алу жолы жеңілдейді

Биыл елiмiзде еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын e-gov арқылы беру жүйесi ретке келтiрiлмек, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл елiмiзде еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын e-gov арқылы беру жүйесi ретке келтiрiлмек.

Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектi "есікке дейін" жеткізу пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы "Денсаулық сақтау саласын цифрландыру" тақырыбындағы Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты.

"Министрлiк цифрландыру саласындағы проблемалық мәселелердi шешу үшiн 2018 жылға бiрқатар шараны жоспарлап отыр. Биылғы жылғы бірінші тоқсанның соңында "электрондық үкімет" порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдардан алынатын анықтамаларды беру жүйесi ретке келтіріледі. Сондай-ақ, "Қазпошта" АҚ-мен бірлесiп, тегін дәрілік заттарды "есікке дейін" жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады", - дедi Бiртанов.

Министрдiң айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеулер бойынша, 2017 жылдың қорытындысына сай Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпарат жүйесiн енгізудiң экономикалық тиімділігі 4,4 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 785 млн теңге тікелей, ал 3,6 млрд теңге жанама тиiмдiлiк.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары