Енді бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын болады

Написать нам
22 желтоқсан, 2017, 15:10 1596 Астана
Енді бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын болады

Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР-дағы бағалау қызметі туралы» заң жобаларын қарады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы бағалау қызметінің өзін-өзі реттеу жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық процестерге бағалау қызметінің толыққанды қосылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

Құжатта бағалау қызметімен кәсіби түрде айналысатын адамдардың бағалаушылар палаталарында міндетті түрде мүше болуы көзделіп отыр. Саны кемінде үш жүз мүшені құрайтын бағалаушылар палаталарында өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасы бақыланады, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын болады.

Заң жобасында бағалаушылар палаталары «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктер, бағалаушылар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттар берілетіні туралы ережелер бар. Одан басқа, бағалау қызметінің стандарттары белгіленетін болады.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Түзетулер Азаматтық, Еңбек, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға енгізілетін болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар