Енді балаларды емханаға онлайн режимде тіркеуге болады 

02 қараша, 2018, 10:16 3822
Енді балаларды емханаға онлайн режимде тіркеуге болады 

Ол үшін egov.kz порталына тіркелсеңіз және электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті.

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бағдарламаны әзірлеген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, бұдан былай балаларды медицина ұйымына тіркеу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Енді балаларды емханаға бармай-ақ тіркеуге болады. Ол үшін egov.kz порталына тіркелсеңіз және электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді. Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы "Денсаулық сақтау" бөліміне кіру қажет. "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу" қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету опциясын басасыз.

Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН бойынша баланың туыстық байланыстарын нақтылау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды т.б. мәліметтерді толтыру қажет.   

Көрсетілген қызмет нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

"Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. Содан соң "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу" қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу қажет. Ол үшін чаттағы "Start" батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат етеді", - деді Забира Оразалиева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар