Енді ипотекалық қарызын төлей алмағандар үйінен қуылмайды - Жаңалықтар | BNews

Енді ипотекалық қарызын төлей алмағандар үйінен қуылмайды

05 ақпан, 11:31 739
Енді ипотекалық қарызын төлей алмағандар үйінен қуылмайды

Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды, деп хабарлайды BNews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Президенттің тапсырмасынан кейін Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңадан қарап жатыр. Бұл қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық қарыз иелеріне қатысты. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қарызын төлей алмай қалғандарды үйінен қуып шықпай, басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр.

"Басқа қандай жолдарын табуға болатыны қазіргі уақытта қаржы ұйымдарымен бірігіп қарастырылуда. Қаңтардың басында ғана Елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ", - деп хабарлады телеарна.

ҚР Ұлттық банкі мамандарының айтуынша, банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатқан.

ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің басшысы Мениса Хуснутдинова алдағы уақытта 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. 23 мың қарыз иесі осы күнге дейін қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалған еді. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр", - деді Мениса Хуснутдинова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары