Енді мемлекеттік қызметті саусақ таңбасы арқылы алуға болады

12 Декабря, 2018, 15:18 2028
Енді мемлекеттік қызметті саусақ таңбасы арқылы алуға болады  |  | BNews.kz

Биомәліметті алу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес.

12 желтоқсаннан бастап Астана және Алматыдағы бірнеше ХҚКО жұмыстың жаңа цифрлық форматына ауысады, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) орнына мемқызмет алуға биометриялық мәліметтер қолданылады. Бұл туралы ақпарат Facebook-те "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының парақшасына жарияланды.  

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең маңызды факторы – алушыны сәйкестендіру. Бұған дейін бұл жеке төлқұжаттың көмегімен (іштей) және ЭЦҚ арқылы (қашықтықтан) жасалып келді. Бірақ таяу арада қызметті саусақ таңбасы немесе бет-әлпетті сканерлеу арқылы алуға болады", - деп хабарлайды Digital Kazakhstan. 

Ары қарай бұл жүйенің бес артықшылығын келтірейік: қауіпсіз әрі қызметті жылдам алу, ешқандай артық авторизация және құжат сияқты кезеңдерден өтпей-ақ алу; биометриялық мәліметтерден жасанды көшірме жасалынбайды; жыл сайын ЭЦҚ жаңартудан гөрі ыңғайлы тәсіл;   Face ID, саусақ таңбасының сканері сияқты функция орнатылған смартфон арқылы барлық қызметті алу мүмкіндігі; биометриялық мәліметті бір рет қана бересіз. Ол аты-жөніңізді ауыстыруыңызға, тіркеудегі мәліметтеріңіз бен сырт келбетіңіздің өзгеруіне тәуелді емес.

12 желтоқсаннан бастап осындай тәсілмен Астанада үш ХҚКО және Алматыда екі ХҚКО қолжетімді болады. Келесі жылдан бастап жаңа биометриялық жүйені енгізу барлық ел бойынша жоспарлануда. ХҚКО қатар жаңа жүйе eGov.kz порталына да енгізіледі. Авторизациялау үшін смартфонның камерасын пайдалануға болады немесе компьютерге арналған саусақ таңбасы мини-сканерін сатып аласыз. Құрылғы шамамен 1 мың теңге тұрады. Жаңа форматпен қызмет алу үшін алдымен биометриялық мәліметті мәліметтер базасына енгізу қажет. Ол үшін әзірлеушілер айтқандай жеке төлқұжатыңызды алып, ХҚКО-на баруыңыз керек. Қызметкер арнайы планшеттің көмегі арқылы жеке төлқұжаттағы мәліметтерді оқиды. Сізді қайтадан суретке түсіреді және саусақ таңбасын алып қалады. Бұл мәліметтер Egov порталын авторизациялауда жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қолданылатын болады.

Биомәліметті алу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес. Оның орнына сізге түрлі мемқызмет алуға арналған сіз туралы мәліметтерді пайдалануға қарсылығыңыз жоқ делінген электронды келісімге қол қою ұсынылады. Алғашқы кездері жаңа жүйе бойынша 42 танымал қызмет түрі қолжетімді болмақ:ол мекен-жай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтама, жылжымайтын мүлкі бар немесе жоқтығы туралы және басқалар. Кезең-кезеңімен оның ішінде заңды тұлғалар үшін де көптеген қызметтің түрлері енгізіледі.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13983

Похожие новости