Энергетика министрі жанармай бағасына қатысты пікірін білдірді

21 Мая, 2018, 15:02 2681
Энергетика министрі жанармай бағасына қатысты пікірін білдірді |  | BNews.kz

Халықаралық Global Petrol Prices агенттігінің мәліметінше, Қазақстан жанармай бағасы бойынша төменнен санағанда тізімде 12 орнында болса, дизельдік отын бойынша 14 орында.

Қай жерде жанармай Қазақстанға қарағанда анағұрлым арзан немесе қымбат екені туралы, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бозымбаев Global Petrol Prices халықаралық агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып, 167 елдің мұнай өнімдері бойынша бағаларын салыстырды.

"Көп жағдайда бізде дүниежүзі бойынша ең қымбат жанар-жағармай деген сөзді естиміз. Мен ай сайын мәліметтерін жариялап отыратын тәуелсіз агенттіктің деректеріне тоқтала кеткім келеді. Жанармай бағасы бойынша Қазақстан тізімде төменнен санағанда 12 орында, дизельді отын бойынша 14 орында. Бізге қарағанда 11 елде ғана жанармай арзан сатылады. Олардың қатарында Венесуэла, Иран, Кувейт пен Туркменстан бар. Дизельді отын бойынша бізге қарағанда 13 мемлекетте арзандау. Бұл мұнай өндіретін елдер. Біріккен Араб Әмірліктерінде, АҚШ-та, Ресей, Әзербайжан мен Сауд Арабиясында жанармай бағасы бізге қарағанда қымбатырақ", - деді Бозымбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ол Қазақстанда жанар-жағармай бағасына нарықпен қатар, ЕАЭК талаптары да әсер ететінін атап өтті.  

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости