Энергиялық тиімді жобаларға көмек қаржы бөлінеді - Жаңалықтар | BNews

Энергиялық тиімді жобаларға көмек қаржы бөлінеді

13 қазан, 15:39 2138 Астана
Энергиялық тиімді жобаларға көмек қаржы бөлінеді

Орталық коммуникациялар қызметінде энергияны үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсету механизмін іске қосу тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Бұдан бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі арасында, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қаржылық қолдауына сүйене отырып, энергияны үнемдеу саласындағы мәселелермен айналысып жатқан  кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары жөнінен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. 

Орталық коммуникациялар қызметінде энергияны үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсету механизмін іске қосу тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Бұдан бұрын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі арасында, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қаржылық қолдауына сүйене отырып, энергияны үнемдеу саласындағы мәселелермен айналысып жатқан  кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары жөнінен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. 

Іс-шараға келесі адамдар қатысты - ҚР ИДМ Индустриялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы Рүстем Ақбердин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Сарқұлов Абай Серікұлы және Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

«Келісім-шарт энергияны үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсету механизмін қалыптастырудың жемісі болып отыр, ал оның өзі «Бес институционалдық реформаны іс жүзіне асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, Ғаламдық экологиялық қор, БҰҰ Даму бағдарламасы әрі Қазақстан Республикасының Үкіметінің бірлескен «Төменкөміртекті дамуға арналған орнықты қалалар» добасын іс жүзіне асыру аясында энергосервистік шарттар нарығын дамыту мен инвесторларды тарту жөніндегі, 59-қадамын іс жүзіне асыру шеңберінде қалыптастырылған болатын», - деп мәлімдеді ҚР ИДМ Индустриялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы Рүстем  Ақбердин.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы  Сарқұлов Абай Серікұлының айтуынша, қаржылық қолдау көрсету шаралары шарттарын қалыптастыру барысында қолданыстағы «Бизнестің жол картасы- 2020» кәсіпкерлікке қолдау көрсету механизмі негіз етіп алынды және Министрлік әрі БҰҰ Даму бағдарламасы жобасымен бірге, келісім–шартты іс жүзіне асыру мақсаттары үшін сарапшы–мамандар бизнес үшін барынша тиімді механизмді құрастыруға тырысты.  Сонымен қатар, таяу уақытта бұқаралық ақпарат құралдарыңда  қолдау көрсету шараларынан көмек алу туралы өтініштерді қабылдауды бастау, қолдау көрсету ережелері, шарттары және мерзімі жөніндегі хабарландыру жарияланатын болады.

«БҰҰ даму бағдарламасы жобаның қаржылық индикаторларын жетілдіру әрі оның өзін-өзі өтеу мерзімін азайту үшін төменкөміртекті жобаларды іс жүзіне асыруға қарыз бөлуге көмекқаржы төлеу – дәлірек айтқанда коммерциялық несиенің 10-%-тік банктік мөлшерлемесін жабу – механизмін сынақтан өткізетін болады. Мысалы, несие бойынша банк мөлшерлемесі орташа мөлшермен  15% болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасы қаржылық көмегі шарасынан пайда көретін тарап үшін мөлшерлеме 5%-і құрайтын болмақ, бұл Еуропа елдеріндегі жобалар қойылымдарымен деңгейлес болып саналады. Бүкіл осы жұмыстың нәтижелері бойынша СО2 деңгейін төмендетуге ықпал етер жобалар экономиканың басым салалары қатарына енгізіледі деп жоспарланған, ал мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде соңғыларға қаржылық жәрдем көрсету қарастырылған», -деп атап өтті  Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары