Ерболат Досаев: Қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсету қажет - Жаңалықтар | BNews

Ерболат Досаев: Қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсету қажет

22 ақпан, 13:31 1192 Астана
Ерболат Досаев: Қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсету қажет

ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мемлекеттік қарыз бойынша қадағалау күшейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ерболат Досаев мемлекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға қатысты ойын білдірді.

"Мемлекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұру жеке мәселе. Осыған дейін Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесе отырып оның жағдайын қадағалауды күшейту мен мониторинг жүргізу қажеттігі тапсырылған болатын", - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар ол биылдан бастап квазимемлекеттік сектордың қарызын реттеу бойынша қажетті тетіктер қолға алынғанын еске салып өтті.

"Бұл тұрғыда біз қалыпты жұмыс тетігін құруға тиістіміз. Осы ретте оны барлық тараптар қабылдап, талаптарды ұстануы тиіс. Атап айтқанда, керек болған жұмыстар басталып кетті, заңнамаға қажетті өзгерістерді Парламент қолдады. Енді тәжірибе жүзінде біз қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсетуіміз керек", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Биыл 9 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары