Қызылордада ҚХА-ның жастар қозғалысы "Жастар – рухани жаңғыру жолында" слетін өткізді

20 қазан, 2018, 13:48 1007 Қызылорда облысы
Қызылордада ҚХА-ның жастар қозғалысы

Слет аясында семинар-тре­нинг ұйымдастырылды.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы "Жастар – рухани жаңғыру жолында" слетін өткізді. Оған түрлі этнос өкілдері, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, "Жас Отан" Жастар қанатының мүшелері, облыстық жастар ресурстық орталығының, жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Слетте облыстық ҚХА "Жаң­ғыру жолы" жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Евгений Демиденко биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған слеттің ашылуымен құттықтады.

"Қазіргі таңда облыстық "Жаңғыру жолы" жастар қозға­лысының құрамында 50-ден ас­там жас мүшелік етеді. Сонымен қатар, штаб жанынан жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамына белсенді 10 жас сай­ланды. Бүгінде "Жаңғыру жо­лы" жастар қозғалысын ау­­дан­дардағы жастармен толық­ты­ру жұмыстары жүргі­зілуде. Өңір­лік "Жаңғыру жолы" жас­тар қозғалысының жұмысын же­тіл­­діру мақсатында "Достық үйі­нен" арнайы кабинет ашылды. Ел­басының кезекті Жолдауы бар­лығымызға ерекше серпін бер­ді. Барлық жастар үшін қуа­нышты жаңалық, келесі жылдың "Жастар жылы" деп аталуы болды. Бұл – жастар үшін мүмкіндік жылы, жаңашылдық пен серпі­ліс жылы", - деді ол.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының мең­герушісі Ләйлә Төрешова "Жұ­мыспен қамту-2020" Жол картасы", "Жастардың кадр­лық резерві", "Дипломмен – ауыл­ға!", "Жасыл ел", "Білім мен ғылымды дамыту", "Үш тілде білім беруді дамытудың бағдар­ламасы", "Серпін", "Мәңгілік Ел жастары – индустрияға" жо­балары жарқын болашаққа жетелейтінін айтты.

"Бұл – Қазақстанда орнаған бейбітшілік пен бірліктің арқа­сында атқарылған жұмыстар. Қазіргі таңда қазақ жерінде қа­лыптасқан достық пен келісім арқасында 135 этнос пен 18 кон­фессия бейбіт өмір сүріп жа­тыр. Саяси тұрақтылықты, қо­ғамдық келісімді іске асыруда Қазақстан халқы ассамблея­сы же­текші роль атқарады. Ассамблеяның беделі мен мәр­тебесі өсіп, Қазақстанды бей­бітшілік пен татулық орныққан ел ретінде бүкіл әлемге танымал етті", – деді Ләйлә Төрешова.

Слет аясында семинар-тре­нинг ұйымдастырылды. Үш сек­цияға бөлінген жастар "Grand master" бағдарламалау мек­тебінің директоры Арман Қуа­нышбаевтың "Жаңа техно­логия: IT және Smart City", "Жас­тар ресурстық орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Ардақ Аукеновтың "Көшбасшылыққа қажетті өмірлік ұстанымдар" және "Жас Отан" ЖҚ облыс бойынша филиалының төр­аға­сы Талғат Тілестің "Жас­тар рухани жаңғыру жолында" тақы­рыбындағы тренинг жұ­мыс­­тарына қатысты.

Жиын соңында достықты, бір­лікті нығайтуға бағытталған қоғамдық жұмыстарға, облыс­­тық Қазақстан халқы Ассамб­леясының ұйымдасты­руымен өт­­­кізілген мәдени шараларда ай­­­рықша белсенділік танытқан жас­тар Алғыс хатпен марапатталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар