Ернар Садырбаев "Славян базары" байқауында 1-орынға ие болды

16 Июля, 2018, 13:23 2570
Ернар Садырбаев "Славян базары" байқауында 1-орынға ие болды |  | BNews.kz

Жиырма жетінші рет өткізілген халықаралық өнер фестивалінің Гран-при жүлдесі Румынияның әншісі Марчел Рошкаға бұйырды.

Байқаудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша, "Әмре" атымен белгілі - Ернар Садырбаев финалдық кезеңге өткен болатын, деп хабарлайды  BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Биыл байқауға 21 адам қатысқан. Ширек финалдан соң 15 үздік іріктелді. 23 жастағы Ернар Садырбаев әуелі Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әнін" шырқады. Екінші күні оркестрдың сүйемелдеуімен Раян Поустың "Подбери музыку" және Рокопера Моцарттың "Я сплю на розах" атты шығармаларын орындады.

Жиырма жетінші рет өткізілген халықаралық өнер фестивалінің Гран-при жүлдесі Румынияның әншісі Марчел Рошкаға бұйырды. Ал "Әмре" бірінші орынға ие болды. Айта кетейік, Рошка мен "Әмренің" ұпайлары бірдей - 156. Алайда, қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен бас жүлде румыниялыққа берілді. Екінші орынды Украина, үшінші орынды Польша мен Беларусь елдерінің әншілері алды. Бұл Ернар Садырбаевтың халықаралық дәрежедегі екінші ірі жеңісі. Бұған дейін Прага қаласында өткен екі бірдей халықаралық ән байқауынан Гран-При жүлдесін ұтып алған еді.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости