Ертең "Astana Marathon 2018" шарасына қатысушыларды тіркеу аяқталады - Жаңалықтар | BNews

Ертең "Astana Marathon 2018" шарасына қатысушыларды тіркеу аяқталады

14 қыркүйек, 2018, 15:33 3035 Астана
Ертең

"Astana Marathon 2018" көрмесі шеңберінде кәсіпқой жаттықтырушылар, коучтар мен спортшылар жүгіру мен спорт тақырыптарында дәрістер оқиды.

15 қыркүйек күні "Astana Marathon 2018" аясында 10 шақырым қашықтыққа жүгіруге ниетті жандарды тіркеу аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Соңғы тіркеу шаралары мен жарысқа қатысушылардың "пакеттерін" тарату жұмыстары 14-15 қыркүйекте Астанада Astana Marathon EXPO 2018 спорттық көрмесінде жүргізіледі.

"Astana Marathon 2018" көрмесі шеңберінде кәсіпқой жаттықтырушылар, коучтар мен спортшылар жүгіру мен спорт тақырыптарында дәрістер оқиды. Сонымен қатар қатысушылар марафон, оның бағдары, жарыс қорытындысын есептеу жүйесі туралы толық ақпарат алады, сондай-ақ жүгіру техникасы мен қашықтыққа төзімділікті арттыру құпияларымен және кеңестермен танысады.

Мұнымен қоса, "Astana Marathon" негізін қалаушы және ұйымдастырушы Гаухар Брамлей-Фентон сөз сөйлеп, өзінің жарыс өткізу мен ұйымдастырудың мол тәжірибесімен бөліседі. Көрмеде марафонға дайындық шараларынан басқа, "Astana Marathon 2018" марафоны қолдау көрсететін қайырымдылық қорлар мен жарыстың корпоративтік қатысушылары да таныстырылады.

Қазіргі кезде шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден, атап айтқанда, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург және Испания мемлекеттерінен қатысатын 4011 адам (оның ішінде 800 адам – 42,2 км жүгіреді) тіркелді. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар