Ертең Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

25 шілде, 2018, 17:13 1805 Астана
Ертең Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге елордадағы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады.

Ертең Астана қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге елордадағы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады. Қала тұрғындары назарына 1000-нан аса жұмыс орны ұсынылады. Жалпы жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар мен мақсатты топ өкілдерін қолдау бойынша көмек көрсетуде.

Қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Орталық ұсынатын көмек түрлері төмендегідей: қала тұрғындарын бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жастар тәжірибесіне жолдама беру, ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқытуды ұйымдастыру.

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі 26 шілде күні сағат 10:00-13:00 аралығында "Жастар сарайы" ғимаратында өтеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар