Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары ұсынылады

11 қазан, 2017, 16:57 1728 Астана
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары ұсынылады

Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 2017 жылдың 12 қазанында сағат 10:00-13:00 дейін «Жастар» сарайында өтеді. Оған Ұлттық биотехнология орталығы, Ұлттық мұражай, №1 қалалық емхана, «Элара-Астана» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС және т.б.  40-қа жуық жұмыс берушілер қатысады.

Кіші ғылыми қызметкер, лаборант, медбике, экспедитор-жүргізуші, күзетші, өнер және мәдениет мамандары және т.б. барлығы 250-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!