Ержан Тәтішевтің өліміне Әбләзовтің қандай қатысы бар екенін сотта куәгер айтып берді - Жаңалықтар | BNews

Ержан Тәтішевтің өліміне Әбләзовтің қандай қатысы бар екенін сотта куәгер айтып берді

19 ақпан, 12:18 1127 Жамбыл облысы
Ержан Тәтішевтің өліміне Әбләзовтің қандай қатысы бар екенін сотта куәгер айтып берді

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер өзінің қайтыс болған ағасымен олигарх Мұхтар Әбләзовтің ірі ақшалай қаражатын қолма-қол ақша етіп бергендерін айтып берді. Оның айтуынша, банкир Тәтішев тапсырыс беру арқылы өлтірілген, деп хабарлайды BNews.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі банкир Ержан Тәтішевті өлтірген деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша тыңдалымдар жалғасуда.

Куәгер Талғат Сейітов сол кездерде ағасымен бірге Мұхтар Әбләзовтің ірі ақшалай қаражатын қалай қолма-қол ақша етіп бергендерін айтып берді.

"Мен "Астана холдинг" компаниясына 1991-1992 жылдары жұмыс істеуге келдім, мені жұмысқа қайтыс болған ағам Асхат Сейітов шақырған. Мен Әбләзовке тиесілі фирманы басқарып, жарты жыл жұмыс істедім. Ол "Астана Мед Сервис" деп аталатын және дәрі-дәрмек тасымалдаумен айналысатын. Жарты жылдан кейін Әбләзовпен қаржылай келіспеушілікке байланысты мен фирмадан кетіп, өз компаниямды ұйымдастырдым. Сонымен қатар, ағамның өтініші бойынша айырбастау операцияларымен де айналыстық. Мұхтардың тапсырмасымен Асхат ақшалай қаражаттарда қолма-қол ақша етіп берумен айналысты", - деді Талғат Сейітов.

Оның сөзінше, 2004 жылы ағасы екеуі Мұхтар Әбләзовтің тапсырмасымен ақшалай ірі соманы – 500 мың доллардан 2 млн долларға дейін қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл ақша "Тұран Әлем Банкінің" кеңсесіне апарылған.

Куәгер Сейітовтің айтуынша, 2004-2005 жылдары олар Әбләзов үшін айына екі-үш рет қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. Куәгер банкирдің өліміне Мұхтар Әбләзовтің қатысы бар екендігін өзінің ағасынан және танысынан бірнеше рет естігендігін мәлімдеді.

"Әрине, белгілі банкирдің өлімі бұл республика үшін үлкен төтенше оқиға болды. Меніңше, Асхат бұл туралы өте көп білді. Ол егер Мұхтар досын аямаса, бұл оның сөзі, ол қорқынышты адам деді. (..) Сондай-ақ, Асхаттың серіктесі болды, аты Ерден, ол валюта бойынша ірі саудалаушы. Тәтішевтің өлімінен екі-үш ай өткеннен кейін, ол мұны Мұхтар істеді дегенді айтты. Біз Алматыдағы, бұрынғы "Темірбанк", қазір ол Forte Bank қасында автокөлікте ақша күтіп, Ержанның өлімін талқылап отырғанбыз", - деп қосты Талғат Сейітов.

Сондай-ақ, сотта БТА-банктің несие беру бойынша экс-директоры Қайрат Сыдықов та куә болды. Ол Тәтішев екеуінің арасындағы қарым-қатынастары туралы айтып берді. Оның айтуынша, ол банкирмен студенттік кезден бері таныс болған. Куәгердің сөзінше, ол 2000 жылдардың басында Тәтішевтің өміріне жасалған қастандық туралы естіген.

"Мен оған қастандық жасалғаны туралы естідім, өйткені ол алдында өзінің жетінші модельді BMW-мен жүретін. Естуімше, автокөлікті өртеп жіберіп, оққағарын соққыға жыққан. Ол кезде күшейтілген күзетпен және оқ өткізбейтін көлікпен жүретін. (...) Тоқмәдимен мен жеке таныс емеспін, бірақ естуімше 2004 жылы Ержан Тоқмәдимен достық қарым-қатынаста болған", - деп атап өтті Қайрат Сыдықов.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары