Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін: ҚР Президенті жанкешті инспекторларды марапаттады

04 ақпан, 2019, 13:09 1631
Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін: ҚР Президенті жанкешті инспекторларды марапаттады

Мемлекет басшысының Қаулысымен браконьерлермен соңына дейін күрескен қорықшылар мемлекеттік наградалармен наградталды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторларын ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Елбасы Қаулы етті. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Ницык Петр Алексеевич және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген Мемлекет басшысының Қаулысында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беруді ұсынған болатын. 

Депутат Жамбыл Ахметов мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қаза тапқан қорықшыны марапатқа ұсынуды сұраған. 

"Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі – Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз", - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар