АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаған, соның ішіне Америка да - Жаңалықтар | BNews

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаған, соның ішіне Америка да

23 ақпан, 13:47 1500 Астана
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаған, соның ішіне Америка да

Тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымын, атап айтқанда, АҚШ инвесторларын қорғау мәселелерін талқылады.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алик Шпекбаев, елшіні үлкен ілтипатпен қарсы алып, Америка Құрама Штатының  Қазақстан үшін маңызды инвесторлардың бірі болып табылатынын және қазіргі уақытта елдер арасында стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі құрылып отырғанын атап өтті.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған жүйелі жұмыстарды  және Агенттіктің мемлекеттік қызметті дамытудағы, сонымен қатар сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ерекше ролін айтты.

"Кеше ғана халықаралық ұйымдардың Transparency International рейтингі жарияланды. Рейтингте Қазақстан 31 ұпай жинап, 122 орынды иеленді, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 ұпаймен және 9 сатыға жақсарғанын айтады", - деп хабарлады Алик Шпекбаев.

Кездесу барысында Агенттіктің төрағасы мемлекеттік қызметтегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Америка тәжірибесімен танысуға ерекше қызығушылығын танытты.

Ал, Джордж Крол Агенттіктің төрағасына ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдіріп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты тиімді және сындарлы дамытуға сенім білдірді. Ол екі елдің мемлекет басшыларының жақында өткен кездесуі Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасында  жаңа мүмкіндіктерді ашып, қазірдің өзінде бірқатар маңызды нақты нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

"Қазіргі таңда ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықты жеңе алмағаны анық, соның ішіне Америка Құрама Штаты да кіреді, сондықтан осы саладағы ынтымақтастық біздің басты басымдықтарымыз, ал Қазақстан америкалық инвесторлардың бизнесті жүргізу үшін тартымды аумағы болып табылады", - деп баяндады Джордж Крол.

Кездесу соңында тараптар АҚШ-та мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өту мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, Джордж Крол Мемлекеттік басқару академиясының базасында дәріс оқуға шақыруды қабыл алып және қазақстандық тыңдаушылармен тілдесу үшін Америкадан үздік сарапшыларды тартуға қызығушылық танытқанын хабарлады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары