Ешқандай асығыстық болмайды – Абаев жаңа латын әліпбиін енгізу туралы - Жаңалықтар | BNews

Ешқандай асығыстық болмайды – Абаев жаңа латын әліпбиін енгізу туралы

20 ақпан, 13:36 1070 Астана
Ешқандай асығыстық болмайды – Абаев жаңа латын әліпбиін енгізу туралы

Сонымен бірге министр қысқаша "kz" атауы бұрынғысынша қалатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді. Енді жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострофтар алынып тасталып, бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды. Аталған жаңа латын әліпбиіне қатысты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

Министр сөзін латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде соңғы нұсқасын пайдалану кезінде біршама қиындық туғызғанын жеткізумен бастады.

"Латын әліпбиін техникалық тұрғыдан пайдалану жөнінде жұмыс тобы өз міндетін атқарды. Біздің мамандар бір мәселеге тап болды. Себебі, әліпбидегі апастрофқа назар аударар болсақ, ол арнайы белгі ретінде қарастырылды. Яғни ол барлығын бөліп тұратын. Ал бұл интернеттегі іздеу және қаржы қызметінде қиындықтар тудырды. Осы орайда Елбасы мамандардың пікірін білді. Оның ішінде ІТ саласының мамандары да бар", - деді Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Дәурен Абаев жаңа әліпбиге қатысты пікірін де білдірді.

"Менің ойымша, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы тиімді. Оны енгізуге аз ақша жұмсалады. Бұл Мемлекет басшысы маңызды стратегиялық шешім қабылдаған кезде қоғамның пікірін ескеретінін көрсетеді", - деді министр.

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің соңғы нұсқасын жасау барысында халықтың пікірі ескерілгенін атап өтті.

"Мен соңғы нұсқа "халықтың талқысына салынбады" дегенмен келіспеймін. Осы жолы Ұлттық комиссия ішіндегі топтар көп жұмыс атқарды. Өзім комиссияда техникалық топты басқардым. Осы топта апостроф қандай мәселелерді туындадатынын қарастырдық. Сол проблеманы көтердік. Елбасы мамандардың айтқанын ескеріп, жаңа нұсқаны енгізіп отыр", - деді министр.

Ол сондай-ақ, сайттардың атаулары қазіргі кезде сол күйінде қалдырылатынын хабарлады.

"Дәл қазір kz-тен жаппай qz немесе qaz-ға ауысамыз деген қажеттілік жоқ. Бұл мәселе қазірше күн тәртібінде тұрған жоқ. Ешқандай асығыстықтың қажеті жоқ, ешкім ешкімді асықтырмайды. Барлығы ақылмен және қажеттілікке қарай жасалады. Қазіргі кезде барлығы өзгеріссіз қалады", - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Министрдің сөзінше, маңдайша жазуларды латыншаға ауыстырып қойғандар, оларды түзетулері керек. Өйткені әліпбидің соңғы нұсқасы нақты бекітілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары