Эстония премьер-министрі АЛЖИР лагері тұтқындарының рухына тағзым етті

08 қараша, 2018, 16:11 3679 Ақмола облысы
Эстония премьер-министрі АЛЖИР лагері тұтқындарының рухына тағзым етті

Естелік тақтаның ашылуы барысында қонақтар үшін музей аумағында орналасқан экспозициялар бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

АЛЖИР музей-мемориалдық кешенінде 1938-1953 жж. лагерьде жазасын өтеген эстондық әйелдерге арналған еске алу тақтасының ашылу салтанаты өтті. Шараға Эстония Республикасының премьер-министрі Юри Ратас, Эстонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мухамбеталина және музей қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

"1938-1953 жылдары АЛЖИР лагерінде 21 эстондық әйел жазасын өтеген, олардың екеуі басына түскен азапқа төзе алмады, бостандыққа шықпады. Ешқандай да қиындықтарға қарамастан олар күйеулеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ, өмірлерінің соңына дейін оларға адал болып қалды, мұны азаматтық ерлік деуге болады, - деді музей қызметкерлері.

Өз кезегінде, Эстония премьер-министрі Юри Ратас адам төзгісіз бейнетті басынан өткерген "АЛЖИР" тұтқындары, эстондық әйелдердің рухына тағзым етті.

Естелік тақтаның ашылуы барысында қонақтар үшін музей аумағында орналасқан экспозициялар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Келушілер "Алаш" және "АЛЖИР" залдарын тамашалады. Сапар соңында Ратас мырза Пікірлер кітабында өз тілегін қалдырып, 30-50жж. саяси қуғын-сүргінде жазықсыз құрбан болғандарды есте қалдыруға жағдай жасаған Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

Шетелдік мейманға музей тарапынан естелік ретінде жаппай саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына және музейдің 10 жылдығына орай шығарылған репрессияға ұшырағандардың балаларының "Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки" атты жинағы табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар