Еуразиялық экономикалық одақ үшін цифрландыру өте маңызды – Дәурен Абаев - Жаңалықтар | BNews

Еуразиялық экономикалық одақ үшін цифрландыру өте маңызды – Дәурен Абаев

02 ақпан, 16:27 1628 Алматы
Еуразиялық экономикалық одақ үшін цифрландыру өте маңызды – Дәурен Абаев

Бұл туралы бүгін "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық тәртіп" атты Еуразиялық экономикалық одақ форумы барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Министр форумның мән-маңызына тоқталып, оған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен қоса бірнеше мемлекеттің үкімет басшылары қатысқанын атап өтті. Дәурен Абаев әсіресе жаһандық деңгейдегі бұл басқосудың осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің ортақ шешіміне сай өткізіліп отырғанын еске салды. Сондықтан дәл осы жиын Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы кешенді цифрландыруға бастау беретінін атап өтті.

Министрдің айтуынша, Еуроодақта өндіріске тың технологияларды енгізу 400 млрд долларға тең пайда әкелген. Егер Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения секілді интеграциялық ұйым мүшелері жаңашылдықты жан-жақты енгізе білсе мол табысқа кенелуі мүмкін.  

"Қазақстанның астанасын қазіргі Астана қаласына көшіру мәселесі, инвестиция тарту мәселесі бойынша, елімізге қанша инвестиция келді, индустриалды бағдарламаны іске асыру, қанша жұмыс орны ашылды, делимитациялау мәселесі, мемлекеттік шекараны нық орнату. Осының бәріне кезінде кейбір қазақстандықтар онша сеніңкіремей қарап еді. Қазір соның бәрінің нәтижесін көріп отырмыз. Осы бағдарлама да, форум да тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша орындалып жатыр", - деді Дәурен Абаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары