Еуразиялық интеграция институтына жаңа директор тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

Еуразиялық интеграция институтына жаңа директор тағайындалды

13 наурыз, 2018, 14:58 1845 Астана
Еуразиялық интеграция институтына жаңа директор тағайындалды

Институттың жаңа директоры болып Нұрланова Зарина Нұрланқызы тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрланова Зарина Нұрланқызы 1986 жылы 12 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Осы уақытқа дейін Qazkontent АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2003-2004 жылдары – Қазақстан жастар конгресінде жастармен жұмыс істеу бойынша маман болған.

2004-2008 жылдары – КАЗГЮУ университетінде Әлеуметтану мамандығы бойынша білім алған.

2009-2011 жылдары – Arna Media Advertising клиенттерге қызмет көрсету және жоспарлау департаментінің менеджері.

2010-2012 жылдары – "Rayan Media Group" АҚ экономисі.

2015-2017 жылдары – КАЗГЮУ бизнес мектебінде (магистратура) оқыған.

2012-2018 жылдары – Qazkontent АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.

Айта кетейік, Еуразиялық интеграция Институты Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылдың 31 қазандағы №1374 қаулысына сәйкес құрылды.

Институт мақсатттары – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстерін зерттеу және сараптамалық бағалау; ішкі саясат, ақпараттық жұмыс және еуразиялық интеграция мәселері бойынша мемлекеттік органдарды аналитикалық жұмыстармен қамтамасыз ету; әлеуметтік-саяси коммуникацияларды дамыту мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар үшін сұхбат алаңын ұйымдастыру болып саналады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар