Евгений Кочетов "Қазконтент" АҚ-ның алдағы жоспарымен бөлісті - Жаңалықтар | BNews

Евгений Кочетов "Қазконтент" АҚ-ның алдағы жоспарымен бөлісті

01 ақпан, 16:28 2171 Астана
Евгений Кочетов 

Өткен жылғы интернет рейтингтер бойынша BNews алтыншы орынды, ал baq.kz 12-орынды иеленді.

"Қазконтент" АҚ-ның Басқарма төрағасы Евгений Кочетов 2017 жылдың қорытындысын шығарып, 2018 жылға арналған жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің BNews.kz порталы контентпен жұмыс тәсілдерін қайта қарап шықтық. Жыл қорытындылары бойынша біз барлық қазақстандық сайттар ішінде Zero мәліметі бойынша алтыншы орындамыз, сондай-ақ Liveinternet сайты жүргізген топ-6 тізіміне ендік", - деді Кочетов.

Ол "Қазконтенттің" барлық жобалары ақпараттың сапасын жақсартуға бағытталған, сондықтан қазақтілді Baq.kz порталы биылдан бастап үздік шетелдік колумнистерді жариялайтынын атап өтті.

"Baq.kz жылды он екінші орынмен аяқтады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол қазақтілді интернет-ресурстар арасында ең көп сілтеме жасалып, "цитата" алынатын ресурс болып табылады", - деді Кочетов.

"Қазконтент" АҚ төрағасы Strategy 2050 порталының редакторлық саясаты өзгеріп, енді ол сараптамалық форматта жұмыс жасайтыны туралы айтты.

"Strategy 2050 порталына редизайн жасалды, бұдан былай сайтта Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша атқарылған  іс-шаралар туралы онлайн қарауға болады", - деді Кочетов.

Ол сондай-ақ, интернет телевизия емес екенін баса айтты. Евгений Кочетовтың айтуынша интернет жобада жұмыс атқаратындардың аты әдетте аталмайды. "Қазконтент" төрағасы бұл жағдайды өзгертпек. Өткен жылдың соңында акционерлік қоғам алғаш рет өзінің жаңа маусымы мен портал саясатына жауапты адамдарды таныстырды.

"Өткен жылы біз порталдың жұмысымен айналысып, барлық контентті жасайтын адамдардың есімін атауды жөн көрдік. BNews.kz-те бас редактор Александр Журавлев, Олжас Беркінбаев - National Digital History-дың бас редакторы, Ержан Абдраман Baq.kz порталын басқарады. Біздің адамдарымыз, интернет журналистика мен "digital" әлемінде танымал тұлғалар", - деді Кочетов.

Айта кетейік, BNews.kz 2018 жылы Қазақстанның үздік сайттарының бестігіне кіруді межелеп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары