EXPO-2017 инвесторлар тарту үшін бірегей мүмкіндік болды - Жаңалықтар | BNews

EXPO-2017 инвесторлар тарту үшін бірегей мүмкіндік болды

12 қазан, 13:41 5595 Астана
EXPO-2017 инвесторлар тарту үшін бірегей мүмкіндік болды

Бұл Қазақстан үшін ірі жетістік, көрме аясындағы барлық шара жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Ол елімізге инвесторлар тарту үшін бірегей мүмкіндік болды. 

 «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде халықаралық деңгейдегі шаралар мен кездесулер көптеп ұйымдастырылды.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 170-ке жуық шара өткізді, оның ішінде 13 министрдің (Жапония, Финляндия, Доминикан Республикасы, Шри-Ланка, Нидерланды, Мекленберг-Алдыңғы Померания, Словакия, Сингапур, Ұлыбритания, Иран, Бразилия, Эритрея, Швейцария) келуі, ЭКСПО-2017 аясында  12 ұлттық күн  (Сингапур, Германия, Жапония, БАӘ, Армения, Беларусь, Ауғанистан, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Грузия, Ұлыбритания), үкіметаралық комиссиялардың 3 отырысы, 76  екіжақты кездесу, вице-министрлердің қатысуымен 61 екіжақты кездесу өтті.

7-9 маусымда ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің IV отырысы өтті. Оның аясында  5 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға 21 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

14 маусымда алғаш рет Қазақстан-Американдық бизнес-форум өтті, оған  екі елдің мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік секторының, бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Форум аясында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының бизнес өкілдерінің екіжақты келіссөздері өтті.

Көрме аумағында Австрияның Ұлттық күніне арналған Қазақстан-Австриялық экономикалық форум өтті. Форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен компаниялар, сондай-ақ Австрияның 60-тан астам озық компаниялары қатысты. 

22-23 маусым аралығында екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының, халықаралық ұйымдарының, бизнес қауымдастықтарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің ІІ отырысы өтті.

Сонымен қатар, 11 шілдеде Қазақстандық-Германдық Іскерлік кеңес аясында қатысушылар 1 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды. Құжаттарда машина жасау, энергия үнемдеу, өнеркәсіптік және техникалық газдармен жабдықтау, сондай-ақ оқыту салалары қамтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары