EXPO мұрасы: Алматыда биыл бірқатар жоба жүзеге асады

03 шілде, 2018, 16:49 247
EXPO мұрасы: Алматыда биыл бірқатар жоба жүзеге асады

Жобалар қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендетуге бағытталған.

Алматыда осы жылы қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендету үшін бірқатар жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Алматы әкім Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қоқыс сұрыптайтын жаңа кешеннің, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналдық парктің және электроавтобустардың соңғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарының қарқынын тексерді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту керектігін атап өткен болатын. 

"Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, "таза" энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті. Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі", - деді Мемлекет басшысы.

Мегаполис басышысы EXPO-2017 мұрасы аясында бұл жобалардың және Алматыны дамытудың 50 жобалары - драйверлері қалалық бастамасының заманауи әрі маңызды екенін, өйткені олардың барлығы соңғы инновациялық технологияларды тартатынын, жаңа жұмыс орындарын құратынын, сонымен қатар қаланың қоршаған ортасына түсетін экологиялық жүктемені төмендететінін атап өтті.

"FalconEuroBus" қазақстандық неміс компаниясы автопарктің және электроавтобустардың үшінші түрін шығаратын зауыттың құрылыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы алаңы 7 мың шаршы метр болатын жинау және сырлау цехының, жабық тұрақ пен қойма бөлмелердің құрылыстары аяқталып қалды. Бірінші кезекте өндірістің шектелуі 20%-ға дейін болса, кейін оның үлесі арта түседі. Жобадағы жеке инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрайды.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жылдық қуаты 550 мың тонна ТҚҚ-ды өңдейтін қоқыс сұрыптайтын жаңа кешен құрылысын да тексерді. Қазіргі кезде кешеннің шатыры жасалуда, коммуникация жүргізілуде. Жақын арада орнатылған итальяндық жабдықтар іске қосылып, жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жоба жүзеге асқанда ТҚҚ сұрыпталады, тасымалданады, жұмыстың барлығы кешенді басқару жүйесі арқылы атқарылады, ал полигонға көму үшін қауіптілігі төмен және биобұзылғыш заттар жіберіледі, кейін оларды да өңдеу қолға алынады. Құрылыс объектісі жеке инвестиция есебінен салынуда.

Газбен жұмыс істейтін 200 жолаушы автобусына қызмет көрсететін жаңа коммуналды автобус паркінің құрылысы кестеге сай жүруде. Негізі нысан мен май құю станциясының металлконстуркцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қойма мен көлік жуатын орындардың іргетасы құйылды. "Green Bus Company" тасымалдаушыларымен жылжымалы составты алу мәселелері талқылануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Бауыржан Байбек #ЭКСПО-2017 #автобус

Читайте также

Похожие новости