Флоридада «Ирма» дауылының салдарынан 3 млн адам электр қуатынан ажыратылды - Жаңалықтар | BNews

Флоридада «Ирма» дауылының салдарынан 3 млн адам электр қуатынан ажыратылды

11 қыркүйек, 15:42 420
Флоридада «Ирма» дауылының салдарынан 3 млн адам электр қуатынан ажыратылды

Флорида штатында «Ирма» дауылынан 3 млн астам адам электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Ирма» дауылы Флорида штатының материктік бөлігіне дейін жеткен. Биіктігі 4,5 метрлік толқындар жағалауды шайып кетті, дауылдың салдарынан нөсер жауын жауды, деп жазады ВВС.

Штатта 3 млн астам адам электр жарығынсыз отыр, ал Майами қаласын жартылай су басты.

Табиғат апатынан 3 адамның қаза болғаны жарияланды. АҚШ дауылдарды бақылау ұлттық орталығының мәліметінше «Ирма» дауылының жылдамдығы 49,2 м/с дейін төмендеген. Қазір дауыл солтүстікке қарай 6,3 м/с жылдамдықпен жылжып келе жатыр.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар