Франция мен Хорватия президенттері футбол финалын қалай тамашалады - Жаңалықтар | BNews

Франция мен Хорватия президенттері футбол финалын қалай тамашалады

16 шілде, 10:58 1676
Франция мен Хорватия президенттері футбол финалын қалай тамашалады

Франция футболдан әлем чемпионатының финалында хорваттарды 4:2 есебімен жеңді.

Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігін жеңіспен аяқтады. Олар финалда хорваттарды 4:2 есебімен жеңді. Ойын Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтті. Осы ойынды финалға шыққан екі ел президенті мен басқа да әлемдік лидерлер болды, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынның бірінші кезеңі аяқталғанда 2:1 есебімен француздар алда тұрды, екінші кезеңде ойыншылар тағы үш гол салды.

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-минутында есепті бір ұпайға қысқартты.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович футболдан әлем біріншілігің финалында.

Владимир Путин ФИФА президенті Джанни Инфантиномен финалдық кездесуді тамашалады.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович.

Француздар осымен екінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Хорватия құрамасы тұңғыш рет финалға шығып отыр. Ойынды тамашалау үшін "Лужники" стадионына 72 мың адам жиналған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары