Ғалым Карл Байпақовпен қоштасу рәсімінің уақыты мен орны белгіленді

23 қараша, 2018, 17:03 513 Алматы
Ғалым Карл Байпақовпен қоштасу рәсімінің уақыты мен орны белгіленді

Азаматтық жаназа дүйсенбі күні Ғалымдар үйінде өтеді.

Қазақстанның біртуар ғалымы Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі дүйсенбі күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz. 

"Достар, біртуар ғалым Карл Молдахметұлы Байпақовтың азаматтық жаназасы дүйсенбі күні 26 қарашада Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Басталуы 10:00-де", - деп жазды министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі Карл Байпақов қайтыс болды. Ол 1940 жылы Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар