Геннадий Головкин "Бокс аңыздары" сыйлығының лауреаты атанды - Жаңалықтар | BNews

Геннадий Головкин "Бокс аңыздары" сыйлығының лауреаты атанды

02 ақпан, 09:53 1644
Геннадий Головкин

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин "Бокс аңыздары" сыйлығының "Жыл боксшысы" аталымында жеңімпаз болды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин "Бокс аңыздары" сыйлығының "Жыл боксшысы" аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Сочидегі Халықаралық бокс форумы аясында өтті.

"Жыл жекпе-жегі" аталымына Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқас лайық деп танылды.

"Жылдың айла-тәсілі ең мықты боксшысы" аталымы венесуэлалық Хорхе Линареске бұйырды.

"Жыл адамы" аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Айта кетейік, Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Сочиде (Ресей) халықаралық бокс форумының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Сахнаға көтерілген қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның қолынан арнайы марапат алды.

Форум осы аптаның соңына дейін жалғасады және бірінші ауыр салмақта ресейік Мурат Гассиев пен кубалық Юниер Дортикос арасында болатын Дүниежүзілік бокс суперсериясының жартылай финалдық жекпе-жегімен аяқталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары