Геннадий Головкин ұлды болды

18 Января, 2019, 16:10 508
Геннадий Головкин ұлды болды |  | BNews.kz

Бұл әлемдегі ең үздік боксшылардың бірінің отбасындағы үшінші бала.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) отбасында үшінші нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды BNews.kz.

Головкиннің отбасындағы толығумен Қазақстан бокс федерациясы құттықтап үлгерді. 

"Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына мықты денсаулық және отбасылық береке тілейміз!", - делінген құттықтау хабарламасында. 

3 қаңтарда белгілі болғандай, қазақстандық боксшының отбасында жақында үшінші бала дүниеге келетіні туралы ақпаратты The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер таратқан болатын.

Айта кетейік, Головкин жары Алинамен бірге тоғыз жастағы Вадимды (2009 жылы сәурде дүниеге келген) және есімі құпия сақтаулы қызын (2017 жылы қыркүйекте дүниеге келген) тәрбиелеп отыр.

Вадим Головкин кәсіпқой тұрғыда хоккеймен айналысады. Танымал боксшының бапкері Абель Санчестің ойынша, Головкиннің ұлы болашақта танымал ойыншы болуы мүмкін. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалаған.

2017 жылы 7 шілдеде (07.07.2007) Геннадий Головкин әйелімен отасқанына 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Алина Головкиннің екі жоғарғы білімі бар.

Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде шаршы алаңға шығады деп күтіледі.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости