Германияда өткен фестивальде "Айка" фильмі бас жүлдені жеңіп алды 

12 қараша, 2018, 10:32 1796
 Германияда өткен фестивальде

Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен.

Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған "Айка" фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар "Айка" қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады.

Кинотуындыны неміс режиссері Сергей Дворцевой түсірген. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген.

Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған.

Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.

"Айка" фильмінің режиссері Сергей Дворцевой актрисаның картина үшін қырғыз тілін үйреніп, жақсы ойнап шыққанын айтты.

"Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады", - деді режиссер.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар