Германияға қашып кеткен қазақстандық Астанаға экстрадицияланды

01 желтоқсан, 2018, 17:21 2981
Германияға қашып кеткен қазақстандық Астанаға экстрадицияланды

Хагай Изгияевке 1,5 млн доллар сомасында алаяқтық жасаған деген күдік тағылып отыр.

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан Интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         

Фото: Түрксіб ауданы Ішкі істер басқармасы

"Оны 1,5 млн АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасаған деген күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген болатын. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар