GGG әріптері бар мемлекеттік нөмірлерге алматылықтар 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсауда - Жаңалықтар | BNews

GGG әріптері бар мемлекеттік нөмірлерге алматылықтар 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсауда

14 наурыз, 17:21 1536 Алматы
GGG әріптері бар мемлекеттік нөмірлерге алматылықтар 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсауда

Алматылықтардың арасында үш бірдей әріптері бар нөмірлер көп сұранысқа ие.

Алматыда үш бірдей әріптері бар нөмірлер көп сұранысқа ие. Солардың ішінде жүргізушілер қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің аты-жөнінің бірінші әріптері белгіленген "GGG" - трипл джи нөмірлерін жаппай сатып алып жатыр. Келесі кезекте "QQQ", "III" және "JJJ" әріптері бар нөмірлер көп сұранысқа ие. Мұндай нөмірлерді сатып алу үшін көлік иелері 100 мың теңгеден астам қаржы жұмсауда, деп хабарлайды BNews.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Құны аспандап тұрса да, сәнге айналған бұл серияны Алматы қаласында 78 адам сатып алыпты. Жалпы, өткен жылы "VIP" нөмір алу үшін 1400-ден астам жүргізушіден өтініш түссе, биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Өйткені, тек 2 айдың ішінде 500-ден астам жүргізуші темір тұлпарына сәнді нөмір тағып үлгерген. Бұған биылғы жылғы өзгерістер түрткі болған. Яғни, әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаздыра алуы "VIP" нөмірлер саудасын қыздыра түскен.

Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО-ның маманы Сәкен Байғалиев мемлекеттік нөмірлердің құны туралы толықтай айтып берді.

"Ең қымбат санымыз категориясына байланысты. 001-ден 009-ға дейін және де 777 бұл 548 мың теңге тұрады. Егер сіз бұған әріпті қосамын десеңіз, одан бөлек 137 мың 85 теңге әріп те қосылады. Бұл осы сандарға қатысты. Тағы да 070, 707, 077 деген сандар, бұлар 137 мың 85 теңге тұрады. Үш бірдей сан 111-ден бастап 999-ға дейін бұл 329 мың теңге болады", - деді Сәкен Байғалиев.

Ұқсас жаңалықтар