GGG-дің экс-қарсыластары "Канело" мен Джейкобс әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

18 қаңтар, 2019, 18:02 2915
GGG-дің экс-қарсыластары 

Кездесу 4 мамырда өтеді.

"Канело" Альварес төрт чемпиондық белбеу үшін Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасатынын ресми мәлімдеді. Жекпе-жекте Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары кездеседі, деп хабарлады Vesti.kz.

"Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады", - делінген хабарлама мәтінінде.

Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамыр Мексиканың ұлттық мерекесі "Синко де Майо" күні өтеді. Жекпе-жек туралы боксшылардың өзі, промоутерлер мен DAZN стриминг агенттігі ресми мәлімдеді. Алайда әзірге өтетін қала мен арена аталмай отыр. 

Альварес те, Джейкобс те соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта британиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар