«Голос. Дети» шоуында MONATIK Қара жорға биледі - Жаңалықтар | BNews

«Голос. Дети» шоуында MONATIK Қара жорға биледі

09 қараша, 18:27 1851
«Голос. Дети» шоуында MONATIK Қара жорға биледі

Жоба қатысушысы әншінің биінен Қара жорға элементтерін байқады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Голос. Дети» жобасында қазақстандық қатысушы Данэлия Төлешова тәлімгер ретінде Дмитрий Монатикті таңдаған соң, украиналық әнші Қара жорға элементтері бар би билеген. Мұны Данэлия өзінің Instagram парақшасында атап өтті.

«Дима Монатик керемет Қара жорға биін орындап жатыр», - деп жазды Данэлия Төлешова.

Әлеуметтік желі қолданушылары жоба қатысушысының ойын құптады және украиналық әнші расымен Қара жорға биінің элементтерін орындағанын жазды.

 

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның есімі қазір ел аузында. Оны анасы кішкентайынан жан-жақты дамытуға тырысқан. Данелия кәсіби тұрғыдан ән айтуды жақында ғана бастаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар