Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды

19 сәуір, 11:15 3160
Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды

Мексикалық бокшы допингке байланысты тамызға дейін спорттан шеттетілді.

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер допинг қолданғаны үшін жарты жылға бокстан шеттетілген мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесудің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында промоутер екінші жекпе-жек мексикалықтың жаза мерзімі аяқталған соң ұйымдастырылатынын айтты. 

"Алдымен біз Головкиннің 5 мамырдағы кездесуін өткізіп алайық. Содан соң Golden Boy Promotions компаниясымен келіссөз бастап, жекпе-жекті қыркүйек айына ұйымдастырамыз. Бұл кездесуді әлі де жанкүйерлер асыға күтіп отыр", - деді Леффлер. 

Еске салсақ, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ оның қанынан допинг табылып, тамыз айына дейін шеттетілді. Енді "Канелоның" орнына отандасымыздың қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болады. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді отандасымыз WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Ал IBF белбеуі ұйымның келісімшарты бойынша бұл жекпе-жекте сарапқа салынбайды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары