Головкин — Альварес жекпе-жегі 130 елде көрсетіледі - Жаңалықтар | BNews

Головкин — Альварес жекпе-жегі 130 елде көрсетіледі

07 қыркүйек, 10:50 499
Головкин — Альварес жекпе-жегі 130 елде көрсетіледі

Промоутер Том Леффлер 16 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңсе оның танымалдылығы арта түседі деп санайды. Бұл туралы Вnews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл кездесуді көпшілік асыға күтуде. Геннадий үшін де арман болған жекпе-жек. «Канеломен» шаршы алаңда жұдырықтасу өзгелерінен мүлдем басқаша деңгейде болмақ. Жеңіске жетер болса жанкүйерлер саны да арта түсері анық. Жекпе-жекті тамашалағысы келетіндер 3 апта бұрын билетті сатып алды, ол 120-130 мемлекетте көрсетілетін болады», - деді Леффлер The Ring тілшісіне берген сұхбатында. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!