Головкин - "Канело" бокс кешінде өнер көрсететін алғашқы боксшы белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Головкин - "Канело" бокс кешінде өнер көрсететін алғашқы боксшы белгілі болды

11 шілде, 10:37 1584
Головкин -

Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде ирландиялық Гэри О’Салливан да жұдырықтасады.

Лента-Вегастағы T-Mobile Arena-де 15 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин - Сауль Альварес бокс кешінде өнер көрсететін алғашқы боксшы белгілі болды. Аталған бокс кешінде өнер көрсететін спортшылардың бірі ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) болды, деп хабарлайды BNews.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Спайк" атымен танылған Гэри өзі инсайдер болған. Ол өзінің twitter-дегі парақшасында Canelo-GGG II бокс кеші сахнасында өнер көрсеткісі келетіндігі туралы бірнеше рет жазған.

Оның қарсыласы әлі белгісіз, бірақ ESPN журналисі Дэн Рафаэль ирландиялықтың қарсыласы канадалық Дэвид Лемье (39-4, 33 КО) болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, WBA / WBC / IBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес рематчы үшін билеттер сатылымы 9 шілдеде ресми түрде басталды. Билет құнының ең төменгісі 300 долларды құраса, ең жоғарысы – 5000 доллар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары