Головкин футболдан өтетін әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады

13 маусым, 2018, 12:11 1655
Головкин футболдан өтетін әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады

Қазіргі уақытта Головкин Мәскеуде.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ертең Ресейде басталатын  футболдан өтетін әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкинді Мәскеуге демеушілерінің бірі шақырған. Құрметті қонақ ретінде мундиальдың ашылу салтанатына қатысады. Спортсүйер қауым төрт жыл күткен футбол мерекесі Мәскеудегі "Лужники" стадионынан бастау алады. Ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Артынша Ресеймен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді.

Геннадий Головкин спорт әлеміндегі ең беделді жарыстарға құрметті қонақ ретінде шақырылып келеді. Жақында ғана ұлымен бірге 2018 жылғы Стэнли кубогының шешуші ойынын тамашалаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар