Головкин "Канелоға" нағыз көше төбелесін көрсетуге уәде етті - Жаңалықтар | BNews

Головкин "Канелоға" нағыз көше төбелесін көрсетуге уәде етті

09 шілде, 11:57 1466
Головкин

GGG екінші жекпе-жекке не керегін білетінін, оған өзгеріс енгізетінін мәлімдеді.

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жекте жеңісті қолдан бермейтінін айтты, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

"Бұл жекпе-жекте жеңіле алмаймын. Мен үшін өте қызықты қарсыластық, өйткені қуатымды сезініп тұрмын. Чемпионның қуатын. Өзгеріс енгіземін. Екінші жекпе-жекке не керегін білемін. Бұл жолғы жағдай басқа, мүлде өзге. Бұл жолы тәжірибем көбірек. Бұл нағыз көше төбелесі болады", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingnews24.com.

Мұның алдында қазақстандық боксшы "Канелодан" кейін Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде болған. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең аяқталған болатын. Боксшылар арасындағы қарымта кездесу 16 қыркүйекке белгіленген. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар енді тек кездесуге бір апта қалғанда ғана бірлесіп баспасөз жиынын өткізеді. Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған. 

WBA / WBC / IBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес рематчы үшін билеттер сатылымы ресми түрде басталды. Билет құнының ең төменгісі 300 долларды құраса, ең жоғарысы – 5000 доллар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары