Головкин мен "Канело" реванш алдында көз түйістірді - Жаңалықтар | BNews

Головкин мен "Канело" реванш алдында көз түйістірді

28 ақпан, 16:04 1307
Головкин мен

Бұл көз түйістіру дуэлі олардың 16 қыркүйектегі жекпе-жегінен кейін бірінші рет болып отыр.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жекке байланысты қайтадан көз түйістірді, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар Лос-Анджелесте медиа іс-шара аясында өткен кездесуде көз түйістірді. Сондай-ақ, Головкин мен Альварес баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін бокс кешінің билеттері 28 ақпаннан бастап сатылымға шығады. Олардың бағалары 300 (96 000 теңге) - 5 000 доллар (1 600 000 теңге) аралығында.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Ұқсас жаңалықтар