Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасалған белбеу көпшілікке таныстырылды - Жаңалықтар | BNews

Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасалған белбеу көпшілікке таныстырылды

26 сәуір, 12:12 1770
Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасалған белбеу көпшілікке таныстырылды

Белбеуді көпшілікке таныстыру рәсімі WBC штаб-пәтері орналасқан Мехико қаласында өтті.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы дайындаған белбеуін көпшілікке таныстырды. Таныстыру рәсімі WBC штаб-пәтері орналасқан Мехико қаласында өтті, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Белбеуді майя тайпасының шеберлері дайындаған. Белбеу WBC кеңесінің негізін қалаушылардың бірі болған, Мексиканың бұрынғы президенті Адольфо Лопес Матеостің құрметіне жасалған. 

Бұған дейін WBC кеңесі Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу үшін арнайы белбеуін дайындап шығарған еді. Бірақ жекпе-жек өтпейтін болған соң белбеуді Таиландқа жіберді. Енді ол белбеу 2 мамыр күні жеңіл салмақта тай боксшысы Ванхенг Менайотин (49-0, 17 КО) мен панамалық Лерой Эстрада (16-2, 6 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазына беріледі. 

WBC кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесуге де арнайы белбеу дайындаған болатын. Жекпе-жек тең аяқталғанына қарамастан ол кезде белбеу қазақстандық чемпионға берілді.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес қаласының маңындағы (Калифорния штаты, АҚШ) Карсон қаласындағы StubHub Center спорт алаңында өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрт белбеуінің үшеуін сарапқа салады.

Бұған дейін Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жектен алдын болатын дәстүрлі көз түйістіру рәсімін өткізгенін хабарлағанбыз. Головкин өзінің қарсыласы туралы пікірін білдірді. Ол оның күшті, жақсы әрі тәжірибелі боксшы екенін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары