Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді - Жаңалықтар | BNews

Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді

24 сәуір, 10:35 1794
Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді

Головкин өзінің қарсыласы туралы пікірін білдірді. Ол оның күшті, жақсы әрі тәжірибелі боксшы екенін атап өтті.

Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян дәстүрлі көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистерге берген сұхбатында Головкин қарсыласының "күшті, жақсы әрі тәжірибелі боксшы" екенін айтты. Сондай-ақ, ол бұл жекпе-жекте оңай жеңіс болмайтынына 100 пайыз сенімді екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес қаласының маңындағы (Калифорния штаты) Карсон қаласындағы StubHub Center спорт алаңында өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары