Головкин-Альварес жекпе-жегіне сатылатын билеттердің құны белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Головкин-Альварес жекпе-жегіне сатылатын билеттердің құны белгілі болды

23 ақпан, 12:21 1268
Головкин-Альварес жекпе-жегіне сатылатын билеттердің құны белгілі болды

Ең қымбат билет 1,6 млн теңгеге сатылмақ.

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 5 мамыр күні өтетін Головкин – Альварес жекпе-жегіне сатылатын билеттердің құны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин – Альварес реваншына билеттер 27 ақпанда ресми түрде сатылымға шығарылады. Билеттердің құны мынадай болмақ: 300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (224 000 теңге), 800 доллар (256 000 теңге), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) және 5 000 доллар (1 600 000 теңге).

Айта кетейік, дәл сол Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да 2017 жылы 16 қыркүйекте өткен GGG мен Канело Альварестің жекпе-жегінде де билет құны осыған ұқсас болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары