Головкин Денис Теннің жерлеу рәсімінен кейін АҚШ-қа кетті

Написать нам
23 шілде, 2018, 13:13 1841
Головкин Денис Теннің жерлеу рәсімінен кейін АҚШ-қа кетті

Спортшы Алматыға өзінің досы – Денис Тенмен қоштасу үшін арнайы келген.

Аты әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жерлеу рәсімінен кейін Лос-Анджелеске қайта оралды. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.  

"Қазір ғана Лос-Анджелеске келіп тоқтады. Ұшақ уақытында келіп үлгермеді. Абель, GGG және Али Ахмедов барлығы Мәскеуге жасаған сапарынан кейін Лос-Анджелесте", - деп жазды Том Леффлер твиттерде.

Азаматтық жаназадан кейін танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Мәскеуге ұшып барды. Онда ол ресейлік Мурат Гассиев пен украиналық Александр Усиктің арасында өткен Әлемдік бокс суперсериясы (WBSS) дәрежесі бойынша финалдық кездесуді тамашалады.

Еске сала кетейік, 21 шілдеде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Алматыда өткен қоштасу рәсіміне қатысты. Спортшы Сауль "Канело" Альвареспен өтетін екінші жекпе-жекке дайындығын уақытша тоқтатып, өзінің досы – Денис Тенмен қоштасу үшін АҚШ-тан арнайы ұшып келген.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар енді тек кездесуге бір апта қалғанда ғана бірлесіп баспасөз жиынын өткізеді. Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар