Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейтіні ресми түрде жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейтіні ресми түрде жарияланды

11 сәуір, 09:58 1783
Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейтіні ресми түрде жарияланды

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтеді деп жоспарланған болатын.

Бүгін Невада атлетикалық комиссиясы (NSAC) Геннадий Головкиннің 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтеді деп жоспарланған жекпе-жегінің күшін жойғанын растады, деп хабарлады Boxingtalk.com.

Рrosports.kz сайтының мәліметіне сәйкес, енді GGG келесі жекпе-жегін АҚШ-тың Калифорния штатында, Лос-Анджелес қаласына қарасты Карсон қаласында өткізеді. Отандасымыз 27000 адамға арналған StubHub Center аренасында жұдырықтасады.

WBC президенті Маурисио Сүлейман бұл ақпаратты растады.

"Жекпе-жек Лас-Вегаста өтпейді. Олардың ережелеріне сәйкес, бокс кешін ұйымдастыруға уақыт жеткіліксіз болды. Енді кездесу Калифорнияда өтетін болады. Қазір олар қарсылас іздеп жатыр", - деді Маурисио Сүлейман.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары