Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған кезекті дудлды шығарды

16 Декабря, 2018, 16:17 2675
Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған кезекті дудлды шығарды |  | BNews.kz

Онда 1992 жылы ресми түрде қабылданған Қазақстанның туы бейнеленген.

Google Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтуге арналған тағы бір дудл (doodle) шығарды. Соған сәйкес кескін деректерді іздестіру жүйесінің басты бетінде орналастырылған, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінгі Doodle-да Қазақстанның 1992 жылы Тәуелсіз мемлекет болған кезінде қабылданған туы бейнеленген. Алтын түстес реңге боялған күннің сәулелері, дала қыранның және оюдың бейнесі әділдік пен адалдық және бүтіндіктің бейнесі", - деп жазылған Doodle-дың сипаттамасында.

Сондай-ақ, аталған сипаттамада Ресей мен Еуропаның ортасында орналасқан бұл мемлекет 130-дан астам этникалық топтардан және 17 ұлттық конфессиядан тұратын әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі екені аталып өткен.

"Бүгін Қазақстан Кеңес үкіметінің құрамынан шығып, тәуелсіздік алған күнін мерекелеуде. Бүкіл мемлекет бойынша барлық жұмыс орындары мен мектептерде демалыс жарияланып, әртүрлі мерекелік концерттер мен мәдени шаралар ұйымдастырылған", - делінген сипаттамада.

Айта кетейік, компания республика халқын бірінші рет құттықтап жатқан жоқ. 2015, 2016, 2017 және 2011 жылдары Google Doodle-ды Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнаған еді.

Дудлдар - Google-дың басты бетінің логотипінің ерекше нұсқасы. Олар мерекелердің, айтулы оқиғалардың, белгілі суретшілердің туған күндеріне және тарихты өзгерткен ғалымдардың құрметіне орай пайда болып отырады. 2011 жылы Google компаниясы Google Doodle-ға патент алған. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13849

Похожие новости