Google-дің 10 мың қызметкері экстремистік контенттерді бақылайтын болады - Жаңалықтар | BNews

Google-дің 10 мың қызметкері экстремистік контенттерді бақылайтын болады

07 желтоқсан, 12:46 1653
Google-дің 10 мың қызметкері экстремистік контенттерді бақылайтын болады

Келесі жылы Google-дің 10 мыңнан аса қызметкері YouTube арнасындағы экстремистік бағыттардағы контенттерді бақылау процесіне тартылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы ақпараттың негізгі таратушы дереккөзі BBC-дің ақпаратынша, видеосервистің  басшысы Сюзан Войчицки Daily Telegraph газетіндегі өзінің парақшасында адамдарды басқару, масқаралау және агрессияға шақыру үшін YouTube-тің жиі пайдаланылатындығы туралы айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Google компаниясына қарасты видеосервис осы жылдың маусым айынан бастап экстремистік бағыттардағы видеоларды анықтау үшін машиналық оқу технологиясын пайдалануда. Аталған технологияның көмегімен  сайттан жағымсыз 150 мың ролик жойылған.

Сондай-ақ, маусым айынан бастап 2 млн видео тексерілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары