Грузия Қазақстаннан тауар жеткізуге қызығушылық танытып отыр

04 қазан, 2018, 17:18 3624
Грузия Қазақстаннан тауар жеткізуге қызығушылық танытып отыр

Қазіргі таңда Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдерін, темір прокаттарын, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмекті экспорттауда.

Отандық өндірістегі көпіршіктелген каучук, сондай-ақ алюминий мен мыс жақын арада Қазақстаннан Грузия нарығына жеткізілуі мүмкін. Бұған Тбилисиде өткен сауда-экономикалық миссия барысында грузиндік тарап қызығушылық танытқан болатын, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қыркүйек айының соңында Қазақстан – Грузия бизнес-форумы өтіп, оны Грузия Республикасындағы ҚР Елшілігінің көмектесуімен Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

Бизнес-форум тау-кен, құрылыс және машина жасау салаларының ірі қазақстандық кәсіпорындарымен және әлеуетті грузиндік сатып алушылармен тікелей байланыс орнатқан негізгі диалог алаңы болды. Оның қорытындысы бойынша екі елдің сауда палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 

"Қазіргі уакытта қазақстандық "IT&M" компаниясының Грузияға көпіршіктелген каучук жеткізуі туралы келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ көшпелі кездесулердің аясында "DIO" компаниясы Қазақстандағы заманауи аз шығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған "KazMinerals" компаниясынан алюминий мен мыс сатып алуға қызығушылық білдірді", - делінген хабарламада.

Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдерін, темір прокаттарын, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмекті экспорттауда. Грузиядан біз шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды сулар, металл құбырлар, вакциналар, сүт импорттап отырмыз.

2018 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 67%-ға ұлғайып, 77 млн АҚШ долларын құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #тауарлар #форум

Читайте также

Похожие новости